Студенттердің ғылыми жұмысы

”Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы”

Кіріспе
Тандалған, тақырыптың қажеттілігі: Қазіргі таңда сапалы білім беру мәсәләсі өезекті проблема болып отыр. Проблеманы шешу технология, еңбекке баулу пәндерін де қатысты болып таыблады. Технологияда өз бетіндік жұмыстарға көп кемек беру, ұлттық нышанда орындалатын жұмыстардың пайдсы мол. Осындай жұмыстар көмегімен оқушылардың дербестегін, шығырмашылық қиялын дамытуға болады. 
Зерттеу нысаны: Қолөнер бойынша әдебиеттер, альбомдар, бұйым үлгілері, әдістемілік оқулықтар, газеттер, журналдардағы, педагогикалық ақпараттық - әдістемелік басылымдардағы  іс – тәріжибелер, мақалалар.               
Мақсаты: Гобелен техникасымен сәндік композиция шығару, материалдардың мүмкіндіктерін көрсету.
Міндеттері
1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік материалдарды жинақтап, өндеу.
2. Гобелен техникасындағы жұмыс түрлерін көрсету.
Әдісі: Алға қойылған міндеттерді шешу үшін педагогикалық және әдістемілік бағыттағы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жұмыс түрлерімен танысу. Жұмыс техноолгиясын оқып – үйрену.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Кіріспе, қазақ қолөнерінің даму тарихы, ұлттық көркем-өнердің туындысы – БЕСІК, қорытынды бөлімдерінде тақырыпқа сай мәліметтер берілген.
I. Қолөнер – халық шежіресі
1.1. Қазақ қолөнерінің дамуы
Қазақ халқының қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ халқы-кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетін тікелей мұрагер және сол дәстүрді дамытушы , жаңғыртып айтушы.
Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайралармен халықтардың сондай-ақ Оңтүстік Сібір , Орта Азиямен орыс халқының да мәдениеті әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп , үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды.
Қазан төңкерісіне дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа өту процесі, бұрын үстем болып келген шаруашылықтың ыдырай бастауы , көрші елдермен , әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлар әсері айтарлықтый ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының қаламен байланысы нашар болды.Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігі қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болғандықтан , негізінен халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері , көбінесе кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналды. Соның өзінде колөнер шеберлерінің еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты , этнографиялық тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері-жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бірі. Үлкенді - кішілі қай халық болсын, дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы құнды мұра.
Менің дипломдық жұмысым, ежелгі дәуірлерден күні бүгінге дейін , атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып өз сабақтастығын тауып отырған сәндік қолөнерінің бір түрі - ағашты көркем өңдеу, яғни бесік жасау өнері туралы болмақшы.
“Ағашты көркем өңдеудің тарихы”, “Ағаштың түрлері мен қасиеті” туралы айтыла келіп , қолөнерінің көркем туындысы , тұрмыстық қолдануда-бала тәрбиесінде де орны ерекше-бесік туралы және оны көркем өңдеу өнері жайында жан-жақты мағлұмат беріледі.

1.2. Ағашты көркем өңдеу өнері

Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою болып табылады.Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрған үйін, әбзелдерін , қолөнер бұйымдарын ою-өрнекпен көркемдеп, безеңдіріп отырған. Мысалы сақтар кезінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншілер мен сақтар ертұрман әбзелдерін көркемдеген , ағаш бұйымдарын безеңдірген.
Өрнекті оюды бірнеше тәсілі бар. Соның бірі-геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Олар үшбұрышты, төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы өрнектеледі. Мұндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтары болғандықтан, оларды зімпарақпен тазалау немесе әрлеу қиын. Сондықтан өрнекті орындау сапасы пышақпен қашаудың өткірлігінетікелеу байланысты.
Екінші тәсілі-өрнекті жұқалай тіліп салу. Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мұнда нобайы бойынша өңделетін бейне шет жақтарынан да өңделеді. Сондықтан да өрнекті жұқалай тіліп салу әдісі алынады.
Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:
  • біріншіден өрнектің жиектерін дөңестеп жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі.
  • екіншіден өрнектің сыртқы жиегін өрнек дөнесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі.
  • үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің туын бедерлеу, бедерді өрнектің тәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындалады.
ӨРНЕК-дегеніміз, кез-келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей. Ал ОЮ - дегеніміз , бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы, сондай-ақ бұйымды шабу кезіндегі ойып , өңдеу жұмыстарын айтамыз.
Көркемдеп оюда сызықтың өрнек ою әдісі де жиі қолданылады. Мұндай өрнекті ою, яғни кесу, екі немесе үш сызықты ойып кесу әдісімен жүргізіледі. Екі сызықты үшбұрышты ойық ой жұмсақ ағаштан тілінген тақтайға, ал үш сызықты ой тәсілі-қатты тақтайға өрнек салуда қолданылады.
Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды шығыңқы етіп мүсіндік бейнелердің жартылай көлемін мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті бедерлі ою деп атайды. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. Бедерлеп оюдың өзінде орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге ажыратуға болады. Егер тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсе-жосықтау деп , ал қашау ізі тіу салынса қиып ою деп аталады.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асырылады:
  • Бұймның негізін талаптарға сай тазалау.
  • Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау
  • Өрнектерді кесу
  • Бұйымдарды бояу
  • Боялған бұйымдарды тазалау
  • бұйымды лактау
Кез келгенөрнектерін ойша бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазаланғаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне , құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талапты алын-ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп алғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін , деңгейін бүлдіріп алуы мүмкін.
Сонымен қатар ағашты көркемдеп өңдеу дегеніміз-ағашқа кез-келген геометриялық фмгураны белгілі ырғақпен өрнектеп салу ғана емес , өрнек үлгілерін шығармашылық тұрғыдан композициялы жүйелеу.
Қазақ ұсталары ағашты әсіресе жалтыруға , алабажақтап бояуға әуес болмаған. Себебі қазақтың ұлттық өрнектері негізінен ауқымды , көрнекі келеді. Сонан соң өрнекпен келесі өрнек бір-бірінен саусақ бойы тереңдікте бос қалатын аралық ауқым арқылы бөлектеніп тұрғандықтан , оюлардың нақышы дараланып , сәнді көрінеді де , қосымша боямалап әрлей түсуді қажетсінбейді.
Ағаштан әрлеудің, бояп көркемдеуден басқа лактау, эмальдау, жалатпалау тәрізді тәсілдері бар.Алайда , мұның бәрі-дәстүрлі қолөнерімізге келе бермейтін жаңа әдістер. Қазақ шеберлері ағашты үйкелеп жалтыратпаған, көбіне ағаштың өз реңін, өңдік өрнегін сақтаған немесе құралдың ізін қалдыру тәсілі арқылы оюлы заттың көркемдігін арттыра білген. Болмаса ағашқа сүйек қойып көркемдеген. Мысалы, ағаш ерге күміс таққан. Кейде бұйымның сырты толық матамен қапталып, үстіне өрнек кесілген ұшқатты бекітеді. Мұндағы кесілген орынның ашық жеріне матаның бейнесі көрініп әр беріледі. Жалпы алғанда жасандықтан табиғилықты артық көрген. Жоса, қына, томар бояу тәрізді табиғи бояғыштарды қолданған. Әрине аумалы замандарда бұрыңғы шеберлердің бояу, әрлеу әдістерінің көбі ұмтылған, себебі толық деректер жинақталмаған. Зерттеулер бойынша, ұсталар жосаны бір тәулік жылы суға шылап ерітіп, ағашқа жағып соңынан ірі қараның баурымен ысқылайтын болған. Бояудың көшпеуі үшін жосаға, томар бояға ашутас қосқан. Жосаланған ағаш қызыл-қоңыр түске еңіп тартымды рең ашады.
Қына мен жоса лак тәрізді жалтылдап, көзді қарып тез жалықтырмайды.  Дегенмен оюлы ағаш өңін өзгерту , ылғалға шыдамдылығын арттыру үшін морилка тәрізді дайын бояғыштарды, сондай-ақ ішінарамайлы бояуды қолдануға болады.Темпера –майлы бояудың бір түрі , темперамен боялған ағаштың бетіне міндетті түрде лак жағуымыз керек. Себебі , темпера сумен араластырылып жасалатындықтан сыртқы ортаның әсерінен ағаш бетіндегі бояудың өңі кетіп , түсіп қалуы мүмкін.
1.3. Ағашты өңдеу мамандықтары туралы мәлімет
Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.
Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, яғни кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш , жүкаяқ, төсек ағаш, кебеже тәрізді үй-іші, мүлкі аяқ-табақ оятын іскерлерді оймашы деп атаған.
Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін т.б.түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шынта шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліңістің тиянақты шегі жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқушылықпен немесе тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымды, ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп атаған.
Ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы , ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан , нағыз ұста , ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрінде жете меңгерген. Сондықтан оң саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халық ұста деп атаған. Халқымыз айтулы ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда , қас шебердің қолынан шыққан заттарды ырым етіп іліп қою бүгінге дейін сақталған.
Еліміздің нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты қазіргі кәсіптік техникалық мектептерде әмбебап ұсталар даярлау қолға алынды. Олар ағаштан, темірден , басқада конструкциялық материалдардан әшекей бұйымды жасауды үйренеді. Сонымен қатар 2-3 жыл ішінде ұсталық өнердің 3-4 түрін меңгереді.
1.4. Бұйым жасауда қолданылатын ағаштың түрлері , қасиеттері
Ағаштың түрлері
Бұйым жасау барысында ағаштың бірнеше ағаштардың түрлері қолданылады. Ақ қайың - түрі ақ. Аққайыңның шпон кесіндісі саз аспаптар жасау саласында ою-өрнекке, әшекейлерге қолданылады. Ағаштың құрылысы кейде біркелкі жылдық салалары шағылыс арқылы бәсең көрініп , кейде сарғыш қоңыр көзге едәуір ілініп тұрады. Қайың жалпы біртектес түс береді , пышақпен жақсы өңделеді , өте тығыз ағаш , бояуды жақсы қабылдайды. Боялғаннан кейін қызыл тектес ағаштың бейнесін елестетеді. Мысалы: жаңғақ, қоңыр үйеңкі т.б.
Емен-көлденең кесіндісінен өте айқын бірден көзге түсетін ағаш сақиналары-ның бейнесін байқауға болады.Ағаш өзектерінің каналдары , өзек ұшқындарыда басқа ағаштарға қарағанда ерекше байқалады. Көлденең кесіндісінен өзек ұшқындарынан басқа тағы жіңішке ашық сызықтарды байқауға болады , ал тангентальды кесіндіден ол сызықтар қара-қоңыр болып көрінеді. Ағаштың түсі ақшыл-сары немесе сарғыш-қоңыр , сұр және жасылдау көлеңкені елестетеді. Емен ағашы өте қатты , тығыз және өте қиын кесіледі , бояуды жақсы қабылдайды , ластағаннан кейін түсін өзгертпейді. Бұйым жасауда өте кең қолданылады , өте құнды ағаш.
Қарағай-қылқан жапырақты ағаштың тобына жатады. Бұрыңғы Кеңес Одағы жерінен 1,6 бөлігін алып жатыр. Көлденең кесіндісі ашық күлгін,ал көктемгі түсі ақ сарғыш болып келеді,өзек сақиналары қызыл  сары жолақтарымен көзге түседі.Жалған өзек көрсеткен  кезде  ағаштың  түсі көшпелі  ағаш салаларымен ерекшеленеді.Ағаш жеңіл,оңай өңделеді,бояды жақсы қабылдайды.Өндірісте өте кең көлемде қолданылады.
Шырша-ақ түсті срағыш және оның  көлденең кеспесінен жылдық сақиналары  әзер көрінеді.Кіші бұтақ түбірлері  өте көп.Физика-механикалық қасиеті қарағайға  қарағанда өте төмен.Құнды ағаштар  қатараына жатады.
Көктерек – түрі сүттің бетіндей,жұмсақ әрі жеңіл біртектес тығыз ағаш. Ақшыл-жасыл,көгілдір түсті көлеңкені көрсетеді. Ағаштың беті женіл, жұмсақ, жылтыр, сарғыш шағылыс береді. Жылдық сақиналары онша көрінбейді, тек сарғыш-қоныр түспен көзге ілінеді. Бұйым жасауға өте  қолайлы,жақсы  майысады, онайшылықпен сынбайды. Бұл ағашты негізінде боямаған жөн, лактағанда өз түсін өзгертпей қалдырады да әдемі,әсем көрініс беріп тұрады. Құнды ағаштың бірі болып есептеледі.

Қарағаш - әсіресе тангентальды кесіндісінде үлкен өзекті  каналдармен жылдық сақиналарымен, анық айқын түсімен ерекшек көзге түседі және өте ірі күрделі көрініс береді. Толқынды келген ағаш сақиналары  және өзек ұшқындары басқа ағаштарға қарағанда өте ерекше шағылысып  тұрада,ағаштың түсі қызыл-қоңыр болып келеді,әрі жасыл-күрең немесе көкшіл шағылыс байқатады. Бұл ағаш өте қатты,тығыз әрі жақсы өңделеді. Бұйымдарға ерекше бейне беріп,өзінің құрылысымен сәнді  көрінеді. Саз  аспаптарынынң  барлық түрлеріне кенінен  қолданылды.
Шетен- түсі ақшыл және күлгін сары түсті көлеңке береді.Көлденең кесіндісінен қорек өткізетін  дөңгелек  каналдарын,айқын  көруге  болады,өте мықты және қатты болып келеді.Ұзыныннан кесілген ағаштың құрылысын жылдық сызықша,қара,қоныр сақиналарынан анық көруге болады. Оңай қесілмейді,бұл ағаш емен ағашына ұқсас, жақсы  майысады, сынбайды. Құнды ағаштар тобына жатады.
Самырсын - берік, мықты, қылқан  жапырақтары да, бұтақтары  да қаллың өсетін  ағаш. Діңі сарғылт  қызыл түсті, кепкен кезде  көлемін  жоғалтпайды, жылдық сақинасы айқын көрінеде, жақсы кесіліп ойылады. Қолөнерде және мүсін оюга, музакалық аспаптар жасауда  кеңінен  қолданылады.
Майқарағай - сыртқы түрі пішіні, жеңілдік, жұмсақтық қасиеттері  шыршаға ұқсайды. Діңінің  қиығында жылдық сақиналары  біркелкі екені аңғарылады. Беріктігі нашар, тез жарылып,кепкен кезде майысып кетеді. Сондықтан тұрмыста аз қолданылады.
Балқарағай - көп  өмір сүретін ағаштардың қатарына жатады.Қарағай мен шыршаға қарағанда биік, қатты, діңі қызыл қонырқай түсті,жылдық  сақиналары айқын,анық көрінеді.Бұл ағашты жоғарыда айтылған  тұрмыс жағдайлардың бәрінде қолданылады.Сонымен қатар токарлық жұмыстарда кеңінен  қолданылады.
Карелия қайыңы – ақшыл сары  түстес келеді,күлгін немесе ақшыл  қызыл,кейде қоныр көлеңке бейнесін елестетеді.Ағаштың  құрылысынан,яғни  оның көлденең кесіндісінен ұзынша  - қысқалау , ашық қоныр түсті  сызықшаларды байқаймыз.Бұл ағаш мықты әрі қатты,құрғақ кезінде өндеуге және кесуге қиындау.
Ақ түсті  акация – бұрынғы Кеңес  Одағына Оңтүстік Америкадан әкелінген.Оның жалпы бейнесі сарғыш  түстен жасыл  қоныр түске дейін немесе сарғыш қоныр болып келеді, ол өзінің көлденең кесіндісінде  әдемі  көз тартарлық , жылдық салаларымен көрініс  береді.Жылдық сақиналарының ерте аймағы  көзге  айқын көрінеді,ал кеш жетілетін табалдырық аймағы,сызықша болып, көзге бірден ілінбейді немесе кішкене  сызықша,нүкте  ретінде көрінеді. Ал жіңішке өзек  ұшқындары жібектің  шағылысындай жарық беріп тұрады.Бұл көріністерді көлденең кесіндіден  аңғаруға  болады.
Ағаш өте  қаттылығымен,мықтылығымен  бағаланады.Өте қиындықпен кесіледі,бояуды  жақсы  қабылдайды.
Ағаштың қасиеті
Бұйымға материалды тандау ісі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді,өйткені  оның әсемдігі  төзімділігі, ұзақ пайдаланылуы  және құндылығы  таңдап алынған материалға байланысты. Мысалы: бесік, әшекей сандық, асадал т.б.ою арқылы ойылып  жасалатын бұйымдарға бүтіндей ағаш өңін бұзбаған  материалдар болуға  тиіс.
Көрмемделіп өңделетін ағаш бұйымдарын таңдай білу үшін сол бұйымдарды жасауға қажет матнриалардың қасиеттерін жақсы білуі керек.
Ағаштың  химиялық қасиеті. Ағаш  бірнеше органикалық заттардан:көмір қышқылынан,сутегі,оттегі,және белгілі бір мөлшердегі азот қышқылынан тұрады.Қаңырап кепкен ағаштың құрамында: 49,5% көмір қышқылы; 44,2% оттегі мен азот; 6,3% су болады
Ағаштағы азот қышқылы 0,12% қана.Ағаштың құрамында органикалық заттар да бар, олардың құрамы 0,2-0,7% аралығында.Күлдің құрамында тұз қышқылы,кальций,натрий,магний бар. Олар күрделі органикалық заттар. Қаңырап кепкен ағашта 90-95%с алмақ  құрайды. Органикалық заттардың құрамы ағаштың түріне байланысты әр түрлі болады.
Қылқан жапырақты ағаштың құрамында орта есеппен: 48-56% целлюлоза; 26-30% лигнин; 23-26% гемицеллюлоза; 10-15% пентазон; 13% гексозон болады.
Ал жалпақ жапырақты ағашта:46-48% целлюлоза; 19-25% лигнин; 26-35 % гемицеллюлоза; 20-23 % пентазон; 3-6 % гексозон болады.
Ағаштың физикалық қасиеттері. Ағаштың физикалық қасиетіне оның сыртқы көрінісі , ылғал , суық және жылу өткізгіштігі , дыбыс беру мен электр тоғын өткізу қасиеті жатады. Бұл жағдайда оның түсі мен жылтырлығы , иісі ескеріледі.
Түр түсі. Бұл қасиетті қолөнерші шеберлер мебель, ыдыс-аяқ және т.б. заттар жасағанда ескеріп пайдаланады. Ағаштың сыртқы түрі, оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың жеке-дара түрі , түр-түсі, өзіне тән иісі болып , табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен, қоңыр, сұрғылт түсті болып келеді. Осы ағаштардың өздерін бояулар , морилкалар арқылы басқа түске өзгертуге болады.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеті ағаштың негізгі тегі мен қаттылығына байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, ал лак ағаштың осы қасиетін күшейте түседі.
Ағаштың табиғи сүрегі-ағаштың бұл қасиеті оның арамен ұзынынан кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан қезде өте жақсы  көрінеді, оған бір ерекше көркемдік сән береді. Бұл  сүреттің бәрі жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше  әдемілене түседі. Неғұрлым  ағаштың жылдық  сақиналары бірдей болмай қисық  жасалған  заттың өң-түсі  өрнек-оюсыз-ақ  ерекше құлпырады.
Қылқан жапырақты жұмсақағаштардың кесінділерінің табиғи сүректерері  өте  қарапайым, ал жай жалпақ  жапырақтың  табиғи сүреті  күрделі және қайталанбас таңбалармен берілгендігін байкаймыз.
Ылғалдылық қасиеті - ылғалды  ағаштардың салмағы мен кепкен ағаштардың салмағын салыстыру үшін мынадай түсініктемелер беруге болады. Мысалы: көп уақыт суда жатқан ағаштың ылғалдылығы 100%. Жаңа кесілген ағаштың ылғалдылығы 50-100%. Көп уақыт ашық  ауада кепкен құргау ағаштың ылғалдылығы 15-20%. Бөлме температурасында кепкен ағаштың ылғалдығы 8-10%. Қақсып кепкен ағашта - 0 %.
Ылғал өткізу түтікшелері ағаштың кебуіне іштен сыртқа  қарай  булануына  әсер етеді.Бұл  жағдайлар  өткізу  түтікшелерінің  өлшемдеріне  байланысты. Ылғал сіңіру деп ағаштың  қоршаған аймақтан ылғалды  сіңіру қасиетін айтамыз.Ылғалданған ағаш  гигроскопиялық  жағдайға   жетеді. Гигроскопия  дегеніміз-ауадағы ылғалды сіңіру нәтижесінде қатты материалдың өз құрылымын өзгерту қасиеті. әр ағаштың  гигроскопиялық жағдайы әр түрлі  болады,мысалы  еменде  тербеліс 23%,ал  шамшатта  31% дейін  жетеді.Ылғал  сіңіру ағаштың жағымсыз  қасиеттерінің  қатарына  жатады. Ол үшін ағашты  лакпен ,бояумен,олифпен,шайырмен  немесе  жасанды  шайырмен  қаптайды.Бұйым жасауға  арналған  ағаштарды  кептіргенде,жарылып  кетпес  үшін көлденең басына  балшық  болмаса  сиырдың  жас тезегін жағып,не қағаз желімдеп  қойған жөн. Тез кебетін  ағаштарға  шамшат ,қайың,алма;орташа  кебетіндерге-шырша,балқарағай  жатады.
Ағаштың механикалық  қасиеті.
Ағаштың механикалық қасиеттері жан-жақты, олар өздеріне әсер еткен әр түрлі күштерге қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар жатады: беріктік, қаттылық, шыдамдылық, мортсынғыштық, иілгіштік, былқылдақтық.
Беріктік деп оның сыртқы  механикалық  күштерге  қарсы тұра алып,бұзылмай өзінің  пішіні мен түрін сақтауды  айтады.
Ағаштардың балта, шаппашоттың  не басқа  күштердің  әсерінен қақ бөлінуін, болмаса  жаңқаға айналуы-беріктіктің белгісі.
Ағаштың қаттылығы шыдамдылығы, сынып-тарылуы бір-бірімен тығыз байланысты,бір-бірінен  ажыратып бөліп қарау өте қиын; не ескермеу өте қате. Қаттылық  пен  беріктік  өзаратығыз байланысты. Ағаш кепкен сайын қатая, беріктене түседі.
Қаттылық пен беріктік үш топқа бөлінеді:

  1. Жұмсақ  ағаштың  беріктігі, қаттылығы аз (540 кг/куб.м.) Олар қарағай, шырша, көктерек, тал, қаратерек, балқарағай, жөке.
  2. Беріктігі, Қаттылығы орташа ағаштар (550-740 кг/куб.м.) олар: балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен.
  3. Өте берік, қатты ағаштар (750 кг/куб.м.) Олар: аққараған, акация, шамшат, қызыл град.

Ағаштан басқа да механикалық қасиет байқауға болады. Мысалы: оың  иілгіштігі,морт  сынғыштығы. Бұл қасиет жас шілікке, талға, қайынға, терекке тән.         
Ағаштың механикалық қасиетіне ұзына бойымен және көлденеңінен созғандағы мықтылық шегі жатады.

Рет саны Ағаштың түрі Ұзынынан созу кезіндегі ағаштың мықтылық шегі Мн/кв.м (12% ылғалдылықта) Көлденеңінен созу кезідегі ағаштың мықтылығы Мн/кв.м (12% ылғалдылықта)
1. Сағыз қарғай 125,0 5,4
2. Қарағай 103,5 5,2
3. Шырша 103,0 4,3
4. Майқарағай 67,0 3,9
5. Қайың 168,0 10,8
6. Шетен 145,0 3,7
7. Қызыл қайың 141,0 12,8
8. Көктерек 125,5 6,9
9. Шамшат 123,0 12,1
10. Жөке 121,0 6,9

1.5. Ағашты көркемдеп өңдеуде қолданылатын  құрал–жабдықтар.

Ұсталар  ағашты  кесу  жұмыстарында  ара  мен  балтаны, шабу  ісіне  түрлі  шоттарды (шаппашот,тесешот,ойыс  жүзді  шот), тегістеу,типылдау үшін -үстіртті, қырғыны, жонғыны, түрпіні, ішінара қашауды, ойып  өрнек  салу  үшін  бәкіні,пышақты-  ойма  пышақ,қуыс  құрақ,  қашау, тесу   үшін – бұрғы  мен  үскіні  пайдаланған.
Әдетте  ұсталар  өзіне  Қажетті  құрал-жабдықтарды  өздері    жасап  алатын.Кәзір  ағаш  өндеу  механикаланған. Механикаланған  құрал-сайманға  электр  ара, электр  сүргі, электр  бұрғы, элетрлік  және  пневматикалық  ажарлау  аспаптары жатады.
Жинақталған  кескіш  бәкілермен  қатар  метірлік  өлшегіш,сызғыш,ішкі  өлщеуіш,деңгейлік  рейсмус  деп аталатын  өлшеу-белгілеу аспабы,ұста балғасы,ағаш балға,қысқаш, іскенже, егеу тәрізді  көмекші  аспаптар  да  қажет.
Ағаш оюға  қажетті  ең  басты құрал - қашау (стамеска).
Қашау,тік  жүзді  қашау,құрсақты  қашау (құрсақ  ауқымы, яки  жүзінің доғалық  шенбері түрліше бола  бреді), бұрышты  қашау (жүзі  үшбұрышты,т.б.), қиғаш  қашау  (жүзі  қиғаш) болып  бөлінеді.
Ою ойған кезде әрбір құралдың өз мүмкіндігін ескермей  болмайды. Қашаудың ұзындығы 80-120 мм.,жүзінің  ауқымы 2-3мм-ден 40-50 мм-ге дейін болғаны  ыңғайлы.

Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін балтаны, қашауларды, сүргілерді, бұрғыларды, балға түрлерін пайдаланады. Ал материалды көркемдеп өңдеуге арнайы дайындалған құрал түрлерін қолданады.
Желімдер түрлері
Қазіргі уақытта желім түрлеті көбейді. Бірінші түрі сұйыққа араластырылып, от немесе энергия арқылы ерітіліп дайындалса, екінші түрі заводтарда өңдірілген дайын сапалы желімдер.
ПВ-2 желімі ешқандай отты не жылытуды талап етпейді. Желім жасау түрлері. Ағаш желімін біркелкі етіп майдалайды да, суда 10-12 сағат жібітеді. Желімге 10 проценттей сірке қышқылын қосқанда ылғал. Әсеріне төзімді, ал 1-2 процент калий бихроматын қосқанда суда тіпті ерімейтін болады. Енді осы желімді аздап хромдаса, әйнектіде желімдеуге болады. Оған 3 проценттей глицирин қосылса сапасы жақсарады. Егер 600 г ағаш желіміне 50 г бидай крахмалын, 10г қарағай шайырын қосса аллюминийден жасалған қаңылтырды желімдеуге болады. Сұйық желім. 4 г қант, 1г сөңдірілген әк 12 мл суда ерітіліп, 1 г ағаш желімі қосылып, ертеңіне 10-15 минут қайнатады.
Қауіпсіздік ережелері

  1. Жұмыс жасайтын үстелін қозғалмауы қажет
  2. Құралдарды шашпай ұқыпты қолдану керек
  3. Жұмыс істегенде халат пен бас киімді киіп жүру қажет
  4. Станокты қолданғанда міндетті түрде жетекшінің рұқсатымен қосу қажет
  5. Станоктарды қолданып болған соң тазалап жүру керек
  6. Шеберхананың құралдарын жан-жаққа тастамай бір жерге сақтау қажет
  7. Араны, тағыда басқа үткір заттарды тістерін кері қаратып қою керек
  8. Араның жүзін жоғары көтерме
  9. Қасындағы кісіге араны үшкір затты сілтеме
  10. Пышақты екінші кісіге сабын ұсын
  11. Араның жүзің алақанмен сипама
  12. Араның жүзің өзіне қарай бағыттама.
  13. Жүзі өткір, тістері қайралған араны қолдан

1.6. Мектепте ағашпен жұмыс істеуді үйрету.

Мектепте ағашпен жұмыс бастауыш сыныптардан бастап оқытылады. Алғашқы сыныптарда жалпы ережелер, құрал – жабдықтар жөнінде айтыла отырып, өңдеуге оңай материалдармен жұмыс жасатылса, жоғарғы сыныптарда күрделі жұмыстар, түрлі қолмен өңдеу құралдары арқылы және станоктар арқылы жасатылады. Мысал ретінде төмендегі сабақ жоспарын алуға болады.

Пәні: Технология
Сынып: 5
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Бесік үлгісін құрастыру
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) Ақпараттық құзыреттілік.

Ә) Коммуникативтік құзыреттілік.

Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі.

Сәндік қолөнердің бір түрі бесік жөнінде ақпарат беру, бесік туралы білімдерін қалыптастыру.

Қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын қолөнер түрі, бесік жасауды оқушыларға меңгерту.

Бесік үлгісін жасау барысында технологиялық операцияларды орнымен қолдана білуге машықтандыру, ізденіс жұмыстарын жүргізе білуге баулу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Ауызша, көрнекілік, практикалық
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі, әдебиет, тарих
Қажетті материалдар және құралдар: Қатты қағазда, үлгі, қарындаш, сызғыш, қайшы, пышақ
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудары Мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады. Сабаққа дайын болады, зейінін сабаққа аударады
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру. Жаңа сабақ тақырыбын хабарлай отырып, бесік жөнінде түсіндіру. Бесік  - нәрестені бөлеуге  арналған ағаш төсек. Ол көшпелі ғұмыр  кешкен  бабаларымыздан  қалған қасиетті  мұра. Қазақта: «Ел болам десең бесігінді түзе», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді» деген ұлағатты сөздер бар.
Мәдени мұраларымыздың  бірі бесік – ұлттық өнеріміздің  туындысы,  салтыфмыздың жұрнағы, ұлттық  тәрбие құралы. Көшіп – қонып  жүрген халқымыздың ғасырлар бойгы  жинақтаған тәжірбиесінен  туындаған уақыт, заман  сынынан  сүрінбей  өткен,  киелі  бесіктің  өзіндік ерекшелігі  де,тұрмысқа  бейімділігі  де бала өміріне пайдалылығы  да  орасан  зор.
Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында бар, тек жасалуы  жағынан түрліше. Қазақ бесігі бірнеше  бөлшектерден  тұрады:
бөген- бесіктің екі  басы;
жорға – доғолша келген  табаны;
белағаш  немесе арқалығы;
бесіктің төсегі.
Жаңа сабақты зейін аударып тындайды.




Бесік құрылысымен танысады.
Бесіктің атауларын, құрылысын дәптерлеріне сызып, орындайды.
Бесік түрлерін, құрылысын меңгереді.



Сызбаларды дәптерлеріне толық орныдайды.
ІІІ.Машықтық кезең.
Бесік үлгісінің жасалу жолдары.
1. Екі бөгенін сызу, қиып алу.
2. Астыңғы негізгі бөлігін орындау.
3. Белағашты орындау
4. Бөлшектерді біріктіру
Оқушылар құрал саймандарын дайындайды .
Оқушылар өз зиінімен аландамай тианақты зиін қойып тындайды.
Оқушылар үлгіні толық пайдаланып өз жұмыстарына кіріседі
Түсінбеген жерлерін сұрайды.
Берілген тапсырмаларды талапқа сай орындай алады.

Бөлшектерді біріктіру барысында сехнологиялық операцияларды қолданады.
V. Бағалау қорытындылау Оқушылардың жұмыстары талданып,  бағаланады.
Жұмыс орындарын жинастырады.
Сабақта берілген тапсырмаларды толық орындайды.

ІІ. Ұлттық  көркем өнердің  туындысы-бесік
2.1. Бесіктің құрылысы

Бесік  - нәрестені бөлеуге  арналған ағаш төсек. Ол көшпелі ғұмыр  кешкен  бабаларымыздан  қалған қасиетті  мұра. Қазақта: «Ел болам десең бесігінді түзе», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді» деген ұлағатты сөздер бар.
Мәдени мұраларымыздың  бірі бесік – ұлттық өнеріміздің  туындысы,  салтыфмыздың жұрнағы, ұлттық  тәрбие құралы. Көшіп – қонып жүрген халқымыздың ғасырлар бойгы  жинақтаған тәжірбиесінен  туындаған уақыт, заман сынынан сүрінбей өткен, киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі  де,тұрмысқа  бейімділігі  де бала өміріне пайдалылығы  да  орасан  зор.
Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында бар, тек жасалуы  жағынан түрліше. Қазақ бесігі бірнеше бөлшектерден  тұрады:

  • бөген- бесіктің екі  басы;
  • жорға – доғолша келген  табаны;
  • белағаш  немесе арқалығы;
  • бесіктің төсегі.

Бесіктің екібасы доғаша иіліп немесе бөлек  ағаштардан  қиюластырып жасайды  да, ортасына өрнекті  тақтай  орнатылып,төменгі ұштары дөңес табанмен, яғни жорғаға, ал төбесі арқалықпен не белағашпен қосылады. Бесіктің төсегі тақтайдан (фанера, ДВП,т.б.) салынады. Бесікке қоса жасау - жабдықтарының өзіңше атауларын да білген жөн.
* ШИ Бесік жабдықтарының үстіне, түбек бекітілетін тұсында ойығы  бар,  тоқылған  ши төселеді.
* ЖӨРГЕК. Жұка, талдырып басылған киіз төсеніш. Немесе арасына мақта салынған,сырылған  көрпеше.Түбекке тура келетін тұсы ойылады.
* ҚҰС ТӨСЕК. Жөргектің үстінен төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек тұсында ойығы болады.
* ЖАСТЫҚ. Бесіктің  енімен сәйкес келетін,арасына  құс жүні  толтырылған  кішкене жастық.
* КӨРПЕ  Жай матадан  әзірленген көрпені жас  күндерінде,  ал қыс кундерінде  арасына мақта  салып  қабылған көрпе қолданылады.
* КЕПІЛ Нәрестенің  жамбас  тұсына,тізесіне  кепіл  ретінде   арнайы тігілген бірнеше кішкене  жастықшалар түбек  орналасқан ойықтың төңірегіне  қойылады.
* ТАРТПА  БАУ  «ТАҢҒЫШ».  Тартпа баулар құр  тәрізді  биязы  жіппен  тоқылады  немесе  екі-үш  матаны  қабаттап  сырып ,  бауларын  есіп  әзірлейді. Тартпаның  біреуі  бөленген,құндақталған нәрестенің  көкірек  тұсынан,  екіншісі  тізенің  устенін  таңылады.
Тартпа  баудың ұштары бесіктің  екі  жағындағы  сабау ағаштарға  таңылады.
* ТҮБЕК .  Ол күйдірілген  саз балшықтан немесе   мыс,жез,қанылтырдан  әзірленеді.Сыртында киіз не былғары  қабы  болады.
* ШҮМЕК .  Ол  сүйектен,яғни  қойдың асық  жілігінен, не ағаштан жасалады.
* ЖАБУ. Бесіктің  көлеміне  сай  жұқа селдір  матадан  тігілен,  кестелегенген  арнаулы  жабу  болады. Ол бесікке  бөленген жас  баланы  маса,шыбыннан,күн көзінен,желден,суықтан қорғайды.
Осы айтылғандардан басқа балаға тіл—көз тимесін деп бесіктің басына үкі, тұмар, қарала моншақ, боялған асық т.б. нәрселер тағылады.
Халық: «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Дұрыс бөленген бесік көрген баланың дені сау,тәрбиесі түзу болады. Сондықтан  баланы бесікке бөлеудің өзіндік мәні бар.Олай  дейтініміз:
* Бесік женіл ағаштан ықшам жасалғандықтан, көшіп-конып жүргенде ат үстінде алып журуге  де, жүкпен артуға да қолайлы.
* Бесікте жатқан нәрестеге желдің өті, жердің сызы тимеген. Көшіп жүргенде боран, жауын-шашын болсын бәрібір, немесе бірнеше уақыт бойы баланың жаялығын әлсін-әлсін ауыстырудың қажеті жоқ. Сондықтан бала суық тиюден аман өскен.
* Бесікке таңылған баланың қол-аяғы түзу болып өседі. Дене мүшелері дұрыс қалыптасуы үшін желкесіне , екі жамбасына арнайы жастықшалар қойлады. Тәніне жұмсақ тию үшін мамықтан төсеніш-көрпеше , жұмсақ жөркек , жаялық, жабу т.б. нәрселер қолданылады. Бесікте жатқан бала денесі нәжіс , зәр тиюден аман болады , тері ауруына шалдықпайды. Ол үшін арнайы түбек , шүмек жасалады. Нәрестенің нәжісі төгіліп шашылмас үшін , иісі шықпас үшін түбектің түбіне күл салып қояды. Ондай түбекті тазалауда оңай. Әдетте баланың дәреткен сүйектен жасалған шүмек арқылы түбекке ағады. Шүмек қойдық асық жілігінен жасалады. Ол майға қайнатылып, тазартылады. Демек бабаларымыз бала гигиенасына да назар аударған.
* Бесіктің белағашына әр түске боялған асық, түрлі-түсті сылдырмақтар ілінеді. Солар арқылы баланың көру қабілеті жетіліп, түр-түс реңдерді ажыратуы артады. Бұл әрі көздің қылиланып, шапыраштанбауына ықпалын тигізеді. Тербетілген бесіктің тербелуіне ілесе айтылған ана әлдиі-бесік жырын тыңдап өскен бала саз, әуен ырғағын тез қабылдайды. Демек бала нәресте кезінен-ақ әуенге бейім болып өседі, есту қабілеті ерте қалыптасады.
* Бесікте тербеліп , шайқалып үйренген баланың басы кейін атқа шапқанда , ұшаққа , машинаға , кемеге мінгенде айналмайтын болады.
* Бесікке бөлеулі баланың анасының қолы бос болады, қайта-қайта жаялық жуып, жөргек ауыстырмайды. Анасы баласын бесікке бөлеп қойып, қауіп қатерсіз өз шаруасын тындыра береді, қажет кезде қамсыз дем де алады.
* Бесікке бөленген бала аунап, домалап кете алмайды, отқа, суға түсіп кету қаупіненде аулақ болады, ешқандай зиянды жәндік шаға алмайды.
Міне қазақтың жылы ұясы-бесіктің күнделікті тұрмыста , бала тәрбиесіне , баланың өсіп жетілуіне тигізетін пайдасы осындай . Енді баланы бесікке салу дәстүріне тоқталайық.

Баланы бесікке бөлеу дәстүрі

Р\с Баланы бесікке салудағы орындалатын салт-дәстүрлер Түсінік
1 Бесіктің жабдықтарын орындарына қою Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады.Бұл тойға жиналған ауылдың көрші қолаң әйелдері шашуларын ала келеді.Баланы бесікке салардан бұрын олардың жасы үлкен,беделді әйелі бесік жабдықтарын орын - орындарына қояды, содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады 
2
Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу. Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып тұтатып баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесікдің белағашына қыщдырылған темір тигізіп те ырымдайды.
3
Тыштыма ырымын жасау Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштыма ырымын жасайды. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ , кәмпит және т.б. тәтті дәмдер жапа тармағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел тыштыма деп сұрағанда қасындағы әйелдер ілі-шала , тышты-тышты деп ерте түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсың деген ниеттен туған рәсім.
4
Баланы бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу Баланың үстіне бесік көрпе,шапан,тон жабу,жүген және қамшы сияқты бұйымдар мен жабады.Тон,шапан жабу ер жеткенде халықшыл болуына,жүген тез өсіп ат үстіне ойнақ салсын,кебенекпен қамшы ел қорғайтын ел болсын деген тілек

Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немере, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді. Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Әзия, Қапқаз, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді. Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасақ ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын айқын көреміз:

  1. ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да, аударылып кетпейді;
  2. тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды;
  3. жыл әрі таза.

Желдің өтінен, жердің сызынан, аптаның лебінен қорғайтын бесік жасалуы мен оған пайдаланылатын материалдарға байланысты ЖЕР БЕСІК (жасалуы бойынша иіп жасалған бесік, тік жасалған бесік), ЖЕЛ БЕСІК (материалы бойынша, тал бесік, қайың бесік, қарағай бесік) боп бөлінеді.
Бесіктің жабдықтары:

  1. ШИ. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын түбек бекітілетін тұсы ойық тоқылған ши төсеніш.
  2. ЖӨРГЕК. Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.
  3. ҚҰС ТӨСЕК. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
  4. ЖАСТЫҚ. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.
  5. КӨРПЕ. Ол жаздық және күздік болып бөлінеді. Жұқа матадан тігілгені - жаздық, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны - қыстық.
  6. ЖАЯЛЫҚ. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.
  7. КЕПІЛ. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.
  8. ҚОЛБАУ, ТІЗЕ БАУ. Оны таңғыш (тартпа) деп те атай береді. (штары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.

Бесік жапқыш. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғау үшін бесіктің үстіне жабылатын кестеленіп тігілге сәнді мата.

  1. АРҚАЛЫҚ. Ұзындығы 70-75 см., ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстінде көлденең орналасқан жұмыр бел ағаш. Оны АРЫС деп те атайды екен.
  2. БӨГЕН. Бұл бөлік алдыңғы бас, артқы бас деп те аталады. Бөген - негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
  3. ЖАҚТАУ. Оның саны - 4. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең болып келеді.
  4. ШАБАҚ. Бұл да - төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
  5. САБАУ. Ол - екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
  6. ЖОРҒА.  Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы - бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербетілуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігін ТАБАН деп те атай береді.
  7. ТАҚТАЙ. Бесіктің түбегі орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
  8. ШҮМЕК. Бесіктегі баланың кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша әппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады екен. Міне, Кендебай жазған шүмек осы!
  9. ТҮБЕК. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанып қалмас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орналатын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар пайда бола салысымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады. Қазақ шаңырағында жас сәби бесікке негізінен омыраудан шыққанша жатады. Иткөйлегі тозып, қарын шашы алынған баланың талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып, оның еңбектей бастайтынын бәріміз білеміз. Міне, дәл осы кезде бала дөңбекшіп, бесікке жатқысы келмей, қарсылық көрсете бастайды. Баланың қарсылығын көрген ата-анасы, әжелері сәбиді бесіктен шешіп алып, бесікті әдемілеп тұрып тазалайды. Сосын келесі ұрпақ дүниеге тезірек келсін, сол жатсын деп, оны үйдің құлап-сынып қалмайтындай сенімді бір жеріне апарып сақтап қояды. Көнекөз қариялардың айтуынша, бесіктің биіктеу болғаны жақсы. Себебі, аласа бесікке қарағанда мұндай бесікке ауа жақсы барып, сәби кең тыныстайды. Бесіктің тағы бір ерекшелігі - оның көшіп-қонуға ыңғайлылығы, алып жүруге жеңілдігі. Бөленген баланы алыс-алыс жерге шеру тартқанда ат үстіндегі кез келген адам алдына өңгеріп алып, емін-еркін жүретін болған. Жау жаугершілік заманда тұтқиылдан шабуыл жасалғанда бесіктегі сәбиді әке-шеешсі ат үстінен оңай іліп алып, дұшпан тырнағынан тез сытылып кетіп отырған. Бесік құрылысында әр бөліктің өзіндік атауы мен атқаратын қызметі бар. Оның жабдықтары да әртүрлі әбзелдерден тұрады. Халқымыз баланы бесікке бөлеуді зор салтанатқа жатқызған.

Бесіктің түрлері және құрылысы

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі

Дипломдық жұмыс – бесік жасауда ағаш материалы пайдаланылды. Бесікті жасауда ағашты қолмен және станоктармен өңдеу процестері жүргізілді. Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Ол өңделетін шикізат пен материалдың мөлшерін,түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаудың технологиясы бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар: - материалдарды кептіріп-құрғату;

  • дайындауға арналған ағаш материалдарын дұрыс үлгімен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу;
  • дайындалған құрамдас материалдарын бір-біріне желімдеп жапсыру;
  • тазартылған ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу;
  • бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшеміне жинақтау;
  • оларды механикалық тәсілмен өңдеу;
  • бөлшектер мен біртұтас құрастырылатын бірлік өлшемдерін нақтыбұйым етіп жинақтау;
  • бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшемдерін немесе дайын болған тұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.

Бесікке – қарағай ағашы пайдаланылады. Материал алдын-ала қалыпты жағдайда кептіріп,құрғатылады. Технологиялық процестің келесі кезеңдері бойынша дайындауға арналған ағаш материалын өлшеп-кесу, яғни механикалық тәсілдермен өңдеу.

1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Аралау – ағашты көп жүзді аспаппен-арамен бінеше бөлшек етіп бөлу.Дөңгелек (дискілі) арасы бар,станокта ағаш материалын алдын-ала белгіленген (ені және ұзындығы) бойынша өлшеп-кесіп дайындау жұмыс түрлері атқарылды.

Фрезерлік өңдеу - ағаштың жұқа қабатын айналмалы жүзі бар станокпен бірте  -бірте жүйелеп кесу. Бұл ретте ағаштың үстінгі қабатындағы орақ тәріздес жаңқалар тазартылады. Фрезерлік өңдеу сүргілеп жонатын рейсмустық фрезерлік және бұдырлық станоктармен жүргізіледі.  Сүргілеп жонатын станоктар майысқан қисық бөренелер мен қалқан тақтайларды геометриялық тұрғыдан жап-жазық және теп-тегіс етіп сүргілеп жонуға қолданылады.

2. Токарь станогымен ағашты өңдеу. Бесіктің белағашы станогында өңделеді. Жалпы айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып жонып, егейді. Біздің отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз токарь станоктарын шығарды.
Орталықты станоктарда салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Бесіктің 80 см-лік белағашы және қазық ағаштары осы станокта өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі.
Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тіліктермен қоса алғанда шойыннан құйылған тіректің негізі болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы және артқы қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен жабылып тұрады.
Станок орнатылатын тіректі негіз өзінің тірек табандары арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігіне станоктың электромеханикалық жетегі орнатылған. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілген қос сатылы тегершіктің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілген екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.
Шпинделдің айналу шапшандығын өзгерту жетек белдікті бір тегершіктің тұтқасынан екінші тегершіктің тұтқасына ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Станоктың жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады , ал ол қаптама бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі. Станок жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы арқылы қамтамысыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам бекітілген.
Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпинделдің саптама тетіктері пайдаланылады. Оған орталық шанышқысы бар корпус, патрон өңделетін ағашты станокқа бекітіп ұстайтын тығырық жатады. Әзірленген қысқа ағаш материалдары ішкі ойықтарды ойып-жону кезінде патронға бекітілетін болса , ағаш материалдардың диаметрі неғұрлым үлкендері тығырыққа орналастырылады.
2. Бөлшектердің сыртын жонып - өңдеу
Бөлшектерді станокқа бекіту -орталыққа , патронға және тығырыққа бекіту сияқты барлық үш тәсілі кезінде олар жонып өңделеді.
Ортада өңдеу кезінде күні бұрын дайындалған бөлшек үшашалы кістегішпен артқы қыспақ тетіктің ортасына бекітіледі.
Қысқа бөлшектердің сыптын жонып-жану алдын-ала дайындалған ағаш материалдарын патронға бекіту арқылы атқарылады.
Дайындалатын ағаш материалдарды, бөлшектердің қандай мөлшерде әзірленетініне қарай таңдап алады. Ондай ағаш материалдарының кесілетін жерінің ең төменгі мөлшері жасалатын бөлшектің ең жоғарғы диаметрінен артық болуы , ал ұзындығы 40-50 мм артық болуы тиіс. Дайындалатын ағаш материалдарында ешқандай жарық, бұтақ көздері, қисық-қиғаш қабаттар, шіріген жерлер кездеспегені дұрыс.
Ағаш материалдарының қалай кесілгені үшбұрышты сызғыштың көмегімен анықтайды: ағаштың тік кесілген жерінің жазық беті оның осіне перпендикуляр болуы шарт, әйтпесе ағашты қайтадан кесуге тура келеді.
Дайындалған ағаш қара дүрсін цилиндрлік түрге келтірілгенге дейін тиісті өңдеуден өтуі тиіс. Ол үшін гайканы аздап босатып артқы қыспақ тетіктің бөлшек бекітілетін жерін кеңейте түседі. Дайындалған ағаш материалын қоларамен белгі салынған жері үш ашалы тістегіші бар шанышқыға дәл келетіндей етіп орналастырылады және екінші шетіндегі тік кесілген жерінен қол тоқпақпен ақырындап ұрып ілгері жылжытады да, оны сол қолымен ұстап тұрып, оң қолымен артқа қыспақ тетіктің орталығы тік келетін дөңбектің қиылыс орталығына қарсысына дәлме-дәл келетіндей етеді.
Содан соң гайканы қайтадан қаттырақ бұрап, артқы қыспақ тетікті станок орнатылатын негізгі тірекке мықтап бекітеді, артқы қыспақ тетіктің штурвалын айналдыра бұрау арқылы әлгі дайындалған ағаш материалын үш ашалы тістегіші бар шанышқыға қыса түсіп, орталықтың өткір жүзін тік кесілген дөңбектің өзіне 7-10 мм тереңдікке еңгізу қажет. Токарь станогының артқы қыспақ тетігінің орталығын аздап кейін шегіндіреді де, тік кесілген дөңбектің арнайы жасалған қуысына шамалы жағар май жібереді.
Дайындалған ағаш материалын қолымен айналдырып, айналысқа түскен кезде оның саптама тұтқасы тіректің қапсырма теміріне тимейтініне кәміл сену керек. Содан соң шпинделді қажетті шапшандықпен айналатындай жағдйға келтіріп , операцияны атқаруға кіріседі. Қарадүрсін жанып-жону кезінде жартылай дөңгелек қашауды оның тұтқасынан оң қолымен ұстап тұрып, сол қолымен саптама тұтқалы тетіктің қапсырма теміріне қарай жақындата түседі. Мұндай жағдайда қашаудың ішкі ойыс жағы жоғары қарап тұруы тиіс. Қашауды өте баяу және біркелкі қозғалыс арқылы саптама тұтқалы тіректің қапсырма темірі бойымен ілгері жылжытып , айналысқа түскен ағаш материалға тиетіндей етеді. Өйткені өңделетін бірден және қатты екпінмен беру кезінде ағаш материалының жұлынып кетуі немесе өзі бекітілген аспапты ұшырып жіберуі мүмкін.
Өңдеу процесі кезінде цилиндрдің диаметрін оқтын-оқтын бақылап отыруы қажет:өңдеуді 4-5 мм-дей әдіптеген кезде бітіруге болады. Әдемілеп өңдеу кезінде қиғаш қашауды жартылай дөңгелек қашау сияқты ұстау керек , оның жүзі жонып өңделетін цилиндрге 45 градус бұрыш жасауы керек.
Кесудің тереңдігі мен бөлшекті беру шапшандығы қара дүрсін жанып - жонуға қарағанда әлде қайда кемітіледі. Қашаудың еңкіш бұрышы оның кесіш жүзі өңделетін бөлшектің үстіңгі қабатына  қарай сырғып кетпейтіндей деңгейде болуы тиіс. Қалыңдық диаметрінің тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін қашаудың еңкіш бұрышын өзгертпеу керек.
Өңдеу жұмыстарының барысында станоктың оқтын-оқтын  тоқтатып, диаметрінің  қалындығы қандай мөлшерде екенін тексеріп отырған дұрыс. Станоктың бөлшектері айналып тұрған кезде ондай өлшемдер жасауға қатаң тиым салынады.
Материалдың тік кеғсілген шетінің беткі жағы шығыңқы , дөңес болып қалмауы үшін оны шамалы ғана тереңдетіп өңдейді , яғни тік кесілген жердің беткі қабаты ішке қарай аздап ойыстау кеседі. Тік бұрышты етіп ішке қарай тереңдете жонуды цилиндрлік сыртқы қабаттың бетін өңдеумен ішінара тік кесу тәсілдерін ұштастыра жүргізеді.
Жартылай дөңгелектеп және сопақша етіп ішке қарай тереңдете жону арқылы өңдеуді жартылай дөңгелек қашаумен жасауға болады. Ондай жұмыстың орындалу тәсілі қарадүрсін өңдеу тәсілімен бірдей. Цилиндрдің бір қалыпқа келтірілген сыртқы қабаттарын қиғаш және жартылай дөңгелек қашауларды алма-кезек пайдалана отырып өңдейді. Өңдеу жұмыстарының барысында бақылау жасау үшін көп ретте цилиндрдің сыртқы қабаты түрінің бір қырынан қарағанда қарама-қарсы үлгісі бар арнаулы шаблондар қолданылады.
Бұйымдардың жоңылып болған сыртқы бетін арнаулы ағаш сапқа немесе тақтайшаға керілген терімен үйкеп тазартады , тегістеп , ажарландырады.
Бесік бөлшектерін құрастырып-бекіту.
Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі саласындағы жұмыстарды атқару барысында бөлшектерді топтастыру, құрастыру, ұластыру және  бұрыштарды байланыстыру  сияқты шараларды  жүзеге  асыруға тура келеді. Бесікті  тиекті -  кертікті  тетіктер  арқылы  құрастырып – бекіту әдістері  қолданылды.
Тиекті - кертікті тетіктер арқылы құрастырып бекітудің негізгі элементтері:

  • тиекті-кертікті  тетіктер;
  • тесік  көздер;
  • құлақтар;
  • шұңқыр  ұялар;
  • шпунттар және тарақ тәріздес тетіктер.

Бесік  бөлшектері - оның ішінде негігі бөлшектер бір - бірімен жалпақ тиекті-кертікті тетік  жалпақ  ұяға  кіргізіледі. Ал бесіктің кішкене сәндік  элементтері  шкант арқылы бекітілген.
Шканттар  дегеніміз - алмалы-салмалы, дөңгелек тетіктер. Тиекті - кертікті  тетіктердің  тұтас  болуы  да, алмалы-салмалы болуы да мумкін. Тұтас тетіктер бөлшектің  тікелей  өзінен  жонылып жасалады. Мұның өзі  еңбекті  соншалықты керек ететін және үнемі  жасауға  қолайсыз  процесс болып табылады.Сондықтан тиекті-кертікті  тетіктерді алмалы- салмалы етіп жасаған жақсы.Ондай тетіктер өз алдына жеке жасалады,ал дайындалатын ағаш  материалында  оның  екі басы екі  басы  еніп тұруы үшін  екі шұңқыр  жасалады. 
Дайындалған ағаш материалының бүкіл өн бойына тарылатын тиекті - кертікті ұзын да тұтас  тетіктерді  тарақ  тәрізді  тетіктер  деп  атайды.Ал тап сондай алмалы-салмалы тетіктер шпонка немесе білте тақтайша деп аталады. Тарақ тәріздес тетік дегеніміз бөлшектің бойына  салынатын  шағын  ойыс, ол  шпунтқа  кигізіледі.

Қорытынды

«Жандыда жайын үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп, ата - бабамыздың ертеден ағашты қадір тұтып, оны тұрмыс тіршілік қажетіне  лайықты екенін біліп, қолдану реттерін білген, әрі негізі кәсіптерінде осы  материалды  кеңінен  пайдаланып, әрқилы бұйым  түрлерін жасады.
Менің дипломдық жұмысымда ағаштан бесік жасауға қажетті деген материалдар, әдіс - тәсілдер  рет - ретімен  жазылды және барынша  қамтылды.
Жалпы ежелден - ақ қол өнері көркемдік қасиетті бойына сіңірген  және өзіндік ерекшеліктерімен дараланған. Бесік – қарақалпақ ,,қырғыз , өзбек халықтарының қолданылуында да бар бұйым. Бірақ әр халықтың өз ерекшелігі болуына байланысты, қазақ халқының бесік жасау өнері де өз биігіне жеткен қол өнер бұйымдарының бір түрі.
Бесік - елдіктің белгісі, тыыштық нышаны, ұлттық ерекшелік. Сол бағытта қазіргі жас буын бесік жасау өнерін қайта жаңғыртуда. Бесікті токарь станогында өңдепте , қолмен бедерлеп немесе геометриялық өрнектер салыпта безеңдіре береді. Бірақ жалпы құрылысы өзгеріске енбейді , тек формалары өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер бесіктің ерекшелігімен қасиетіне еш кедергі келтірмесе ақиқат. Бұл өнерді дамытып - жаңғыртуда келер ұрпақ шығармашылық тұрғысынан, композициялық шеберлік танытады деп сенемін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері Алматы-1987 ж.
  2. Марғұлан Ә.Х. Қазақ халық қолөнері.1-2 том Алматы-1981 ж.
  3. Мұқанов М.С. Қазақ халқының тұрмысындағы көркемдік кәсіп. Алматы-1979 ж.
  4. Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері. Алматы1996 ж.
  5. Ағаш ою
  6. Технология. 7-сынып. Алматы-2000 ж.
  7. Технология. 8-сынып. Алматы-2000 ж.

Комментарии (2)
  • Анонимно
    :x
  • DANEL  - ОЮ
    СӘЛЕМ КАЛАЙ ЖАҒДАЙ КАЛАЙ ОЮДЫ жасадын ба
Оставить комментарий
Your Contact Details:
Комментарий:
:):grin;)8):p:roll:eek:upset:zzz:sigh:?:cry:(:x
Security
Пожалуйста, введите проверочный код, который Вы видите на картинке.